Атырау облысы – Қазақстанның басты көлік дәліздерінің бірі. Мұнайлы өңірдегі теміржол саласының дамуы жүк тасымалының артуына, инфрақұрылымның жаңғыруына және өңірлік экономиканың өркендеуіне ықпал етуде. Соңғы жылдары жаңа теміржол бағыттары ашылып, заманауи технологиялар енгізіліп, қызмет сапасы жақсарып келеді. Бұл өзгерістер аймақтың логистикалық әлеуетін күшейтіп, ел экономикасына тың серпін берері сөзсіз.
Соңғы жылдары теміржол станцияларын жаңарту, жолдарды жөндеу және жаңа технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Атырау теміржол торабының өткізу қабілетін арттыру мақсатында бірнеше қайта құру жобалары іске асырылуда. Өйткені, Атырау облысы арқылы өтетін жүк көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Бұл әсіресе мұнай өнімдері мен химия өнеркәсібінің дамуына байланысты. Қытай, Ресей және Еуропаға бағытталған тасымал ағыны күшейіп, логистикалық тиімділік артты. Жолаушылар тасымалы да назардан тыс қалған емес. Жақында өңірде жүк вагондарын шығаратын зауыт өндіріс ауқымын кеңейтіп жатқаны туралы ақпарат естіп қуандым.
Атырау облысындағы теміржол саласының дамуы өңірдің экономикалық өсуіне оң әсерін тигізіп, көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде. Алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер енгізілуі күтілуде. Бұл өз кезегінде аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлін нығайта түспек.
Мұрат ХАМИТҰЛЫ,
сала ардагері