Жемқорлықсыз қоғам құру үшін әр азамат адалдықты ту етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әділдік, ашықтық және заң үстемдігі – нағыз дамыған елдің белгілері.
Мемлекеттік қызмет пен білім беру, медицина саласында тазалық пен адалдықтың орны ерекше. Жемқорлық – елдің дамуына кедергі. Ол адамдардың сенімін жоғалтады. Мен жемқорлықтың болмағанын қалаймын. Әркім өз еңбегімен өмір сүріп, адал жолмен жетістікке жетсе – еліміз де, халқымыз да бақытты болады.
Гүлбану Қайрлықызы
Индер ауданы

