Жасыл экономикаға қадам

Жолдауда көтерілген экология және тұрақты даму мәселелері ерекше маңызды болып көрінді. Қоршаған ортаның жағдайы – халық денсаулығы мен елдің экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер ететін фактор. Президенттің су ресурстарын тиімді пайдалану, жасыл энергияны дамыту және экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі бастамалары уақыт талабына сай деп есептеймін.

Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес, әр азаматтың саналы әрекетін қажет етеді. Сондықтан экологиялық жобаларды қолдау, энергияны үнемдеу, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару – болашақ ұрпақ алдындағы біздің міндетіміз.

Тұрақты даму қағидаттарын ұстану арқылы ғана еліміз табиғи байлығын сақтап, экологиялық қауіпсіз қоғам құра алады.

Есбосынова Л

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT