Жастарды есірткіден қорғау – ортақ міндет

Есірткімен күрес – қоғамның қауіпсіздігі мен болашағын қорғаудың маңызды міндеті. Бүгінгі күні есірткінің жастарға әсері, оның салдары туралы мәселе өте өзекті. 

Президент Жолдауында да бұл бағытқа ерекше көңіл бөлініп, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту, алдын алу шараларын дамыту, мектептер мен жоғары оқу орындарында түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру қажет екені атап өтілді.

Есірткі — жеке адамды ғана емес, тұтас отбасыларды, қоғамды күйрететін қасірет. Сондықтан әр азамат, әр ата-ана, әр білім беру ұйымы бұл бағытта бірігіп әрекет етуі тиіс. Жастарға дұрыс тәрбие, сапалы білім мен қолжетімді бос уақыт ортасын қалыптастыру – есірткіге қарсы күрестің ең тиімді жолы.

Еліміз үшін қауіпсіз, сау, салауатты қоғам құру — баршамыздың ортақ міндетіміз

Халенова А

мектеп психологы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT