Жастар өз үлесін қосуға дайын

Аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Құлсарыдағы колледж студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын талқылады.

Орталық басшысы Ә.Амандықов Президентіміздің жастар саясаты­ның өзекті мәселелерін шешуге баста­машы болып, жастарға қатысты реформаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып келе жатқанын айтты. Ол Жолдауда көрсетілген білім беру, экономика, әлеуметтік саясат және цифрландыру бағыттарына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, Жолдау мазмұнын терең түсіндіріп, оны жүзеге асыруда жастардың рөлінің маңыздылығын атап өтті.

– Президенттің 2025 жылды «Жұмыс­шы мамандықтар жылы» деп жариялауы мемлекеттің кәсіптік білім беру ісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіреді. Мемлекет басшысы техникалық, кәсіби білім беру жүйесін реформалау және жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау қажеттілігін атап өтті. Мен кәсіптік-техникалық білім өзгеріс, тұрақты жаңғырту, жетілдіруді талап етеді деп санаймын. Жалпы алғанда, орта арнаулы мекемелердегі интеллектуалды деңгей жеткілікті деңгейге көтерілуі қажет. Егер жұмысшылардың кәсібін насихаттау орын алса, жұмысшы адамның беделін көтеретін болса, онда жастардың да бұл мамандықтарға қызығушылығы арта түседі, – деді Ә.Амандықов.

Шараға қатысушылар қазіргі ең өзекті тақырыптың бірі жастарды жұмыспен қамту және жұ­мыс­шы мамандықтардың мәртебесін көтеру мә­селесін талқылады. Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен студент жастар Жолдау аясында ұсыныстар мен жобалар жасады. Нәтижесінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында тығыз ынтымақтастыққа әзір екендігін білдірді. Жастар ортақ мақсатқа жету үшін Жолдаудың іске асуына өз үлестерін қосуға дайын.

П.Түркенбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521