Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушыларымен кездесіп, қоғамдағы нашақорлықтың таралуы мен зияны, оның алдын алу және болдырмау, одан басқа бос уақыттарында сақтық ережелерін сақтап, қауіп-қатердің алдын алу туралы жоғары сынып оқушыларына ескертпе жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Кинология қызмет орталығының қызметкері Хан лақап есімді қызметтік иттің көмегімен есірткі затын анықтау жұмысын көрсетті.
- Нашақорлық қазіргі заманның ең қауіпті тәуелділіктерінің бірі. Бұл дерт тек адам өміріне ғана емес, бүкіл қоғамға қатер төндіреді. Біздің басты міндетіміз – салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ ұстау, – деді Марьяна Джангалиева.