Жасөспірімдерді құмар ойындар құрығынан сақтайық!

Жолдауда құмар ойындарға құмарлық жайы да кеңінен сөз болды.  Бар қаржысымен қоса үйін, көлігін, бизнесін тіккен адамдар да барын жасырмаймыз. 

Лудомания-жаңадан пайда болмаған, ол сан ғасырлар бұрын пайда болып, алдымен  жойқын  (азарттық) ойындар, карта ойындары арқылы  енді.  Ол әр адам үшін өте қауіпті құбылыс.   Оны есірткіқұмарлықпен қатар салыстырып та жүр.  жалпы әр  ата-ана  өз балаларын  көзден таса қылмай, қатаң қадағалағаны абзал. 

Олар кіммен дос болып, кіммен бірге жүргенін анықтап, үнемі қадағалап, білу артық етпейді.  Сала мамандарының айтуынша көп балалардағы ойынқұмарлық кейбір ата-аналардың жұмысбастылығы, бар уақытын компьютерде өткізіп, жұмысын орындап, ал баласына онша уақыт бөлмей, үйінде көп болмауы  бұл баланың еркіндікте болып, өзімен-өзі қалып, ойынқұмарлыққа  салынуына әкеп соқтырады.  Баланың оқу, үй тапсырмаларын орындамау, оған қарсылық көрсету, ата-ананы тыңдамау, бар назарын құмар ойынға аудару-жақсы қасиет емес.   Осындай жағымсыз іс-әрекеттер байқалса, дереу дабыл қаққан жөн.   Ата-аналар өз балаларын тыңдап, олардың проблемасын түсініп, жағымсыз қылықтан аулақ  ұстаған дұрыс дер едік.

Жанар Төлешова, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT