Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

2025 жыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Профилактика жылы» деп жариялануына байланысты еліміздің барлық аймақтарында құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Осыған орай, 24 мамыр күні Атырау қаласының аумағында білім беру ұйымдарында өткен «Соңғы қоңырау» іс-шарасы барысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау барысында полиция қызметкерлері ата-аналар, мұғалімдер және мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертулер жасады. Алайда, жүргізілген профилактикалық шараларға қарамастан, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көлік құралын заңсыз басқару деректері тіркелді.

Анықталған фактілер бойынша, жасөспірімдердің заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ тұлғаларға көлікті басқаруға мүмкіндік берген көлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланды.

Осы ретте, ата-аналарға алдағы жазғы демалыс кезеңінде өз балаларының тәртібіне және қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше мән беріп, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау қажеттігін ескертеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT