Жасөспірімдер арасындағы есірткіге бейімділіктің алдын алу жолдары талқыланды

Жасөспірімдер арасында есірткі және токсикоманияға бейімділіктің алдын алу — қоғам үшін аса маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Роман Ермұханов пен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Талғат Есенгельдин қатысты.

Кездесу барысында тәртіп сақшыларына жасөспірімдердің есірткі және токсикоманияға бейімделуінің бастапқы белгілерін анықтау әдістері бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, есірткі заттарын жасырған адамдар анықталған жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмі көрсетілген жадынамалар таратылды.

Аталған шара полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттырып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және есірткіге бейімділіктің алдын алуға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT