Физика пәнін оқытуда жасанды интеллекттің (ЖИ) тиімді әдістерін қолдану білім беру процесін жаңғыртуға, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және оқу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Қазіргі қоғамдағы жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңіне «Физика пәнін оқытуда жасанды интеллектті пайдаланудың тиімді әдістері» тақырыбында қатысып келдім.
Физика пәнін оқытуда жасанды интеллектті пайдалану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу үдерісін тиімді әрі сапалы етіп, әлемдік білім беру трендтеріне сәйкес келетін жаңа білім беру модельдерін енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңа технологиялар мен әдістердің қолданылуы маңызды рөл атқаруда. Әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) арқылы білім беру үрдісін жетілдіру мүмкіндіктері ғылыми және практикалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырады. Физика пәнін оқытуда ЖИ құралдарын қолдану оқушылардың білім сапасын арттыруға, пәнге деген қызығушылықтарын оятуға және түсінбейтін немесе қиын тақырыптарды жеңілдетуге көмектеседі. Қазіргі заманғы білім беру ортасында дәстүрлі әдістермен қатар, ЖИ арқылы жеке оқыту, тестілеу, автоматтандырылған үй тапсырмалары мен симуляциялар сияқты инновациялық әдістерді қолдану оқушылардың физика пәніне деген көзқарасын өзгертеді.
Физика пәнін оқытуда жасанды интеллектті пайдалану оқушылардың білім алу процесін жақсартады, оқу мотивациясын арттырады және оқытушыларға қолдау көрсетеді. ЖИ-дің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы біз білім беру жүйесін жаңартып, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыра аламыз.
Гүлфара Құттыбайқызы,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
физика пәні мұғалімі,
педагог-модератор