ЖАҢА ЖҮЙЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекеттік қызметке персоналды іріктеу жүйесін жетілдіру – заман талабы. Осы мақсатта Атырау облысында облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің персоналды басқару қызметі бөлімдерінің мамандарына арналған арнайы семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі жаңа ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу және конкурс өткізу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, қатысушыларға жүйемен жұмыс істеу тәртібі таныстырылып, оның мүмкіндіктері мен тиімділігі көрсетілді.

Семинарға облыстық Әділет департаментінің өкілі арнайы қатысып, мемлекеттік қызметке персоналды іріктеуде өз тәжірибесімен бөлісті.

Атап өту қажет, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атырау облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарында, сондай-ақ Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – процестердің толық автоматтандырылуы. Енді үміткерлер конкурстарға өздеріне ыңғайлы уақытта онлайн қатысу мүмкіндігіне ие. Бұл тәсіл ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етіп, кадрлық процестерді жеңілдетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT