ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМІНДЕ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

(ҚР ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕДЕГІ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ) ЖЕКЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша салымшыларының жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының көлемі 1,12 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9% -ға өскен. 

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ЖЗШ-на: міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен -1,06 трлн теңге (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,76%-ға жоғары), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен - 33 млрд теңге (керісінше 0,1%-ға төмендеген), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен -172 млн теңге түсті (26,6% өскен). Сонымен қатар 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бой - ынша жинақ көлемі 22,5 млрд теңгені құрады.

ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ШОТТАРЫНЫҢ САНЫ

2025 жылғы 1 шілдеде Атырау облысы бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 630 504 құрады (бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,13% - ға өсті) оның ішінде: МЗЖ бойынша - 382 692, МКЗЖ бойынша – 29 993, ЕЗЖ бойынша -17878. Ал ҚР заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны 199 941-ді құрады.

ТӨЛЕМДЕР МЕН АУДАРЫМДАР

Атырау облысы бойынша 2025 жылдың 6 айында БЖЗҚ-ға жиналған жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 52,9 м л р д т е ң г е н і қ ұ р а д ы . Б ұ л б ы л т ы р ғ ы ж ы л д ы ң б і р і н ш і жартыжылдығында жасалған төлемдер көлемінен 86,9% көп. 2025 жылдың алты айында біржолғы зейнетақы төлемдері - 36 млрд теңгені құрады, оның ішінде Атырау облысы тұрғындары 13 млрд теңгені тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және 23 млрд теңгені емделу мақсатында пайдаланған. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ-дан жүзеге асырылған төлемдер: зейнет жасына толуына байланысты - 4,5 млрд теңге (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға өсті), мұрагерлік бойынша – 1,9 млрд теңге (29,8 % өсті), ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты – 504 млн теңге (22,4%-ға төмендеді), жерлеуге төлем – 197 млн теңге (3,8%-ға төмендеді), мүгедектігі бар адамдарға - 91 млн теңге (12,3% өсті). Сақтандыру ұйымдарына зейнетақы аннуи - тет бойынша 9,72 млрд теңге сомасы аударылды (64,8% өсті).

«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ

Атырау облысы бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 828,9 мың АҚШ дол - лары сомасына 6 358 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға ауда - рылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 598,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 4557 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 230,8 мың АҚШ долларынан астам сомаға 1801 өтініш орындалды.

ФИЛИАЛ ҚЫЗМЕТТЕРІ

"БЖЗҚ" АҚ Атырау облыстық филиалы үшін салымшыларға (алушыларға) сапалы қызмет көрсету әрқашан басымдыққа ие. 2025 жылдың 6 айында жүзбе-жүз 26 954 қызмет көрсетілді (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,24%-ға өскен), қашықтықтан кеңес беру арналары арқылы - 6111 қызмет көрсетілген (10,6% - ға өсті). Зейнет ақы жүйесіндегі барлық өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде 2025 жылдың 6 айында филиал 1461-ден астам тұсаукесер өткізді (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,9% - ға өсті), оған 30 914 адам қатысты (24,09%- ға өсті).

«БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT