«Адал азамат» тұжырымдамасы аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының бөлім басшысы Ермек Шмалиев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Ермек Серікұлы студенттерге «Қазақстандағы экономикалық дамудың негізгі стратегиялары» тақырыбында дәріс оқып, еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттары мен мемлекеттік басқарудағы тиімділіктің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен адалдық қағидаттарының рөлі туралы пікір бөлісіп, жас буынды кәсіби өсу мен ел дамуына үлес қосуға шақырды.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, еліміздің экономикалық даму перспективаларымен және мемлекеттік қызмет жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

