Заманауи медицинаға қадам: Жолдау–2025

Жолдау–2025-те денсаулық сақтау саласына қатысты көтерілген мәселелер өзектілігімен ерекшеленді. Әсіресе, медициналық қызметтің сапасын арттыру, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және алғашқы медициналық көмекті күшейту бағыттары – халық денсаулығын жақсартуға арналған маңызды қадамдар.

Бүгінде медицина саласы қарқынды дамып келеді, алайда ауыл мен қала арасындағы қызмет сапасындағы айырмашылық әлі де бар. Жолдауда бұл мәселеге нақты назар аударылып, аймақтық медицинаға қолдау көрсету, материалдық-техникалық базаны жаңарту, жас мамандарды ынталандыру сияқты бастамалар айтылғаны – біз үшін үлкен қуаныш.

Сонымен бірге цифрлық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, науқастардың тарихын, талдау нәтижелерін электронды форматта жүргізу – диагностиканы жылдамдатып, дәрігердің жұмысын жеңілдететіні анық. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, пациентке сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Дәрігер ретінде айтарым, Жолдау–2025 аясында ұсынылған реформалар – халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, саланың дамуына тың серпін береді.

Бастысы – денсаулық сақтау саласына жасалған бұл өзгерістер әр азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны сезіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT