Тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Абай облысында Жеңістің 80 жылдығына орай «Арда­ғым – ардагерім» акциясы өтіп жатыр. Ардагерлерге құр­мет көрсету, олардың ерлігін жас буынға үлгі мақ­са­тында «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Qazaqstan Medisina Jastary» респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігі осынау акцияға мұрындық болып жүр.

Бұл ізгілікке толы іс-шара аясында жастар тыл ардагері Ақан Аха­­тованың шаңырағына арнайы ба­рып, құрмет көрсетті. Ардагерге алғыс айтылып, медициналық кө­мек көрсетілді. Сонымен қатар азық-түлік себеті мен сый-сия­пат­тар та­бысталды.

Ақан Ахатова сол бір зұлмат жыл­­дарды еске алып, қазіргі бей­біт за­манның қадірін бағалауға ша­қырды.

– Соғыс жылдарында әйел­дер мен балалар таңнан кешке дейін еңбекке жегілді. Көп нәрседен таршылық көрдік, бірақ Отан үшін, елдің амандығы үшін барымызды салдық. Әрбір майданнан келген хат үміттің сәулесі еді. Ал Жеңіс туралы хабар бар ха­лықтың көз жасымен қарсы ал­ған қуанышы болды. Бүгінгі бей­біт өмірге қарап, сол күндер еске түседі. Шүкір деймін. Қазір ел тыныш, жастар білім алып, еңбек етіп жүр. Менің арманым – осы бейбіт күннің қадірін біліп, соғыс деген сөзді тек тарихтан оқитын ұрпақ өссе деймін. Елге, жерге деген сүйіспеншіліктеріңізді жоғалт­па­ңыздар. Бірлікті бағала­ңыз­дар. Тек алға ұмтылып, ел игілігі үшін еңбек етіңіздер, – деді тыл ардагері.

«Ардағым – ардагерім» бір күн­дік акция емес, бұл жас ұрпақтың жал­­ғас­тыра жүрер жақсы бір қа­да­мы деп түсінсек те болады.

– Сіздердің еңбектеріңіз – біз үшін тәрбие мектебі. Бүгінгі бей­біт өмір сүріп, білім алып, азат жүргеніміз – ардагерлердің арқасы. Мұның бәрі – сіздер сияқты аға буынның жанқияр еңбегінің же­місі. Жас ұрпақ сол тәлімді жалғастырып, еліміздің болашағы үшін адал еңбек етуге тиіс. Сіздерге деген құрмет әрқашан ортаймайды, – деді белсенді азамат Ерсінбек Өрлеубек.

 

Абай облысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT