Туризм – бизнес пен экономиканың тұтас саласы

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда туризм саласының дамуына арнайы тоқталды. Жергілікті жердегі республикалық және халықаралық іс-шаралар өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететінін айтты. Оның айтуынша, биыл Таразда өтетін «Достастық жәрмеңкесі» осындай жобаның бірі бол¬мақ. Жәрмеңкеге көптеген елдің қолөнерші¬лері мен ауыл шаруашылығы мамандары шақырылды. Бұл іс-шара серіктес елдермен экономикалық байланысымызды одан әрі күшейтеді.
«Сонымен қатар ең көне сауда және мәдениет орталығының бірі Тараз қаласының беделін арттыра түседі, облысқа жаңа инвестиция тартуға және туристердің көптеп келуіне септігін тигізеді. Жалпы, әр аймақта жұртшылық асыға күтетін әрі дәстүрге айналған осындай маңызды мәдени-туристік іс-шаралар өтіп тұрады. Оны негізінен демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырған жөн. Іс-шараларды жыл бойы жалғасатындай етіп біркелкі бөлу, бренд ретінде қалыптастырып, жарнамалау қажет. Әрбір оқиға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетіліп, ел ішінде және шетелдерде жұрт назарына ілігуге тиіс. Мұның бәрі адамдардың аймақтарға қызығушылығын арттырып, туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Туризм – бизнес пен экономиканың тұтас саласы. Мамандарды даярлау қажет. Табиғи байлығымен, жан-жануарлар дүниесімен бүкіл әлемге танымал еліміз¬дің биологиялық әралуандығын қорғау айрықша маңызды міндетке айналды. Кеше жұмыс секциясы кезінде «Ауыл» партиясының өкілдері киіктер туралы мәселе көтергенін білемін. Аймақтар¬дағы шаруалардан да осыған қатысты өтініш¬тер-хаттар келіп жатыр. Рұқсатсыз аң аула-ған¬дарға жазаны күшейту үшін менің бастама쬬мен 2019 жылы заңнамалық шаралар қабылданды. Осы және басқа да жан-жақты шаралардың нәтижесінде еліміздегі киік саны күрт артты. Қазір оларға жойылып кету қаупі төніп тұрған жоқ.
Бірақ енді басқа мәселе туындады. Ауыл ша¬руашылығы зардап шегіп жатыр. Эпизо¬отиялық ахуалдың да күрделеніп кету қаупі бар. Жалпы, экожүйеге түсетін салмақ артты. Үкіметке білікті мамандарды жұмылдыра отырып, осы мәселені жан-жақты зерделеуді және байыпты шешім қабылдауды тапсырамын», деген Президент Балқаш көлінің айналасында Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру басталғанын, келесі кезекте ілбістерді сақтап, оның санын көбейту керектігін айтты.
«Адамзаттың бүлдіргі іс-әрекетінің кесірінен Каспий итбалығы, қызғылт қоқиқаз және басқа да ерекше жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қатер төніп тұр. Ащы да болса шындық – осы. Біз табиғаттың осы бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Халықаралық биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын.
Бұған қоса біз тағы бір қазынамыз – тазыны халықаралық тізімге енгізе алғанымызды айта кеткім келеді. Аң аулайтын айрықша қасиеттері бар қазақы иттің тұқымын енді бүкіл әлем біледі. Жақында мен Парижде Елисей сарайында болдым. Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қос тазыны көрдім. Франциялықтар тазы¬лардың ерекше қабілетіне тәнті», деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT