Цифрлық өзгеріс – Жолдаудың басты бағыты

Президенттің биылғы Жолдауындағы цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту бағыты өте өзекті болып көрінді. Заманауи технологиялар – экономиканың барлық саласын жаңғыртатын шешуші құрал. Мемлекет цифрлық инфрақұрылымды күшейтіп, жасанды интеллектті білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет көрсетулерге кеңінен енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл – Қазақстанның жаңа технологиялық дәуірге батыл қадам басқанының айқын белгісі. Жасанды интеллектті меңгеру арқылы жастардың мүмкіндігі артып, еңбек өнімділігі жоғарылайды, ал мемлекеттік басқару ашық әрі тиімді бола түседі.

Цифрлық трансформация халықтың өмір сапасын жақсартуға, қызметтердің қолжетімді және жедел болуына ықпал етеді. Сондықтан бұл бастамаларды қоғам болып қолдап, бірігіп іске асыру маңызды деп есептеймін.

Хаметова А

Ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT