Президенттің биылғы Жолдауында цифрландыру бағытына айрықша көңіл бөлінді. Қазіргі заманда барлық салада технология мен цифрлық жүйенің рөлі зор. Цифрландыру – ел экономикасын дамытуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, халықтың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні электронды үкімет, онлайн білім беру, медициналық жүйелер мен цифрлық банкинг – барлығы осы бағыттың нақты нәтижесі. Президент атап өткендей, цифрлық даму ауыл-аймақтарға да жетуі тиіс. Бұл – барлық азамат үшін тең мүмкіндік жасау деген сөз.
Мен Жолдауда көтерілген цифрландыру бастамаларын толық қолдаймын. Себебі болашақ – технология мен білімнің тоғысқан ортасы. Цифрлық ел – дамыған ел!

