Жолдауда айтылған цифрландыру бағыты – еліміздің дамуының негізгі тетігі. Қазіргі заманда технологиялық серпіліссіз алға жылжу мүмкін емес.
Президент бұл салаға ерекше көңіл бөліп, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, білім мен денсаулық сақтау жүйесінде цифрлық шешімдерді кеңейту, бизнеске қолжетімді цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру туралы нақты міндеттер қойды.
Бұл бастамалар халыққа ыңғайлы қызмет, жылдам ақпарат алмасу, үдерістердің ашықтығы сияқты маңызды артықшылықтар береді. Цифрландыру – жемқорлықты азайтудың, тиімділікті арттырудың және жаңа жұмыс орындарын ашудың сенімді жолы.
Жолдаудағы цифрлық реформалар – Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық бағыт.

