Президенттің Жолдауында көтерілген маңызды мәселелердің бірі — электр энергиясының тұрақтылығы мен қолжетімділігі. Энергетикалық қауіпсіздік – ел экономикасының жүрегі. Соңғы жылдары тұтыну көлемінің артуы, өндіріс орындарының көбеюі жаңа қуат көздерін дамытуды қажет етеді.
Электр желілерін жаңғырту, жаңа станцияларды салу, жасыл энергетикаға көшу – болашақты ойлаған дұрыс шешім. Қалалар мен ауылдарда жарықтың үздіксіз берілуі халықтың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, өндірістің қарқынды дамуына да әсер етеді.
Сондықтан Жолдауда айтылған міндеттерді уақытылы іске асыру — еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Әр азамат энергияны тиімді пайдаланып, үнемдеу мәдениетін қалыптастыруы керек. Бұл ортақ жауапкершілік!
Маргарита Джумаева
жеке кәсіпкер

