«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы: Атырауда 2 күнде 170 құқық бұзушылық анықталды

Жасөспірім балалардың құқықтарын бұзу, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Атырау облысы аумағында 14-17 ақпан күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара кезінде ІІО-на 164 жасөспірім жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 5  ата-ана есепке қойылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында барлығы 170 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

- кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - 19;

-ӘҚБтК-нің 200 бабы бойынша 4 құқық бұзушылық анықталды, 

-ӘҚБтК-нің 442-бабы 2 бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 140 құқық бұзушылық анықталды,

-ӘҚБтК-нің 442-бабы 3 бөлігі бойынша (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – )7  құқық бұзушылық анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды.
 
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT