Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-лицензиялау», «Е-собез», «Еңбек нарығы», «eatyrau.kz», «kezekte.kz», «Damumed», «Indigo» ақпараттық жүйелері арқылы іске асты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуниациялар қызметі.
Былтыр барлығы 7млн-ға жуық қызмет, оның ішінде, 6млн850 мыңға жуығы электронды түрде көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 98,4%-ды құраған.
Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжановтың айтуынша, жыл сайын онлайн көрсетілген қызметтер саны денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту салаларында артуда.
- Өңірлік Eatyrau.kz порталы жұмысын 2019 жылы бастады. Портал арқылы жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы саласындағы қызметтер беріледі. Оның ішінде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Эскизді келісуден өткізу», «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну» секілді мемлекеттік қызметтер бар. Бүгінге дейін портал арқылы 58 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Сонымен қатар 2023 жылдың 9 қазанынан бастап Атырау және Құлсары қалаларында жер учаскелерін электронды алу бойынша өтініштерді қабылдау басталды.Өтініштер EGOV арқылы беріліп, ары қарай оны орындау осы біздің eatyrau.kz порталында жүргізіледі. Портал арқылы 1909 қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және облыс әкімінің грантын бөлу бағдарламалары бойынша цифрландыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - деді А.Көпжанов.
Айта кетейік, геоақпараттық порталды модификациялау аясында былтыр «Атырау жастары» мен «Берекелі баспана» тұрғын үй бағдарламалары цифрландырылды. «Атырау жастары» бағдарламасына 660 өтініш қабылданып, бүгінде оларға жолдамалар берілді.