Тіршіліктің тынысы – еңбекте

 Қоғамның тынысы еңбекте. Ал сол еңбектің көрінбейтін, бірақ аса маңызды тұсы – жұмысшы мамандары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға, жұмысшы кадрларды даярлау ісін жетілдіруге баса назар аударып отыр. Бұл қарапайым еңбек адамына деген құрметтің артуымен қатар, жұмысшы мамандығының беделі биіктей түскенінің көрінісі.

Ауданымыз да осы қарапайым маман иелерінің маңдай терімен көркейіп келеді. Таңның атысы мен күннің батысына дейін тынымсыз еңбек етіп жүрген жұмысшылар нағыз өз ісінің шынайы майталмандары.

Жалпы жұмысшы мамандары - елдің өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, жастарға өнеге. Себебі, ұрпақ тәрбиесі үлгіден тұрса, ал үлгі - еңбекте. Сондықтан еңбек адамына көрсетілетін құрмет ешқашан төмендемеуі тиіс.

 

Г.ОМАРОВА,

Мақат балалар мектебінің домбыра-тенор ұстазы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT