Атырау облысындағы ірі жер қойнауын пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша ұтымды шараларды қолға алуды жалғастыруда. 2024 жылы ТШО компаниясы маңызды көрсеткішке қол жеткізді – суды қайта пайдалану деңгейі 48% құрады. Бұл жүйелі тәсіл мен заманауи су тазарту технологияларын енгізудің нәтижесі болып отыр.
*Экологиялық стратегия: басты басымдық – су*
Суды ұтымды пайдалану – ТШО-ның экологиялық саясатының негізгі бағыттарының бірі. Компания өңірдің су ресурстарына түсетін жүктемені азайту мақсатында тұйық су айналымы жүйелерін, сондай-ақ ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану технологияларын белсенді түрде қолдануда.
2013–2016 жылдары Теңіз кен орнында кәріз-тазарту құрылыстары (КТҚ) және суды қайта пайдалану қондырғысы (СРПҚ) іске қосылды. Бұл нысандар кәсіпорынның тұрақты су тазарту және сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізін қалады.
*Көпсатылы су тазарту жүйесі*
ТШО нысандарынан жиналатын барлық шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар үш кезеңнен тұратын тазартудан өтеді:
1. *Алдын ала тазарту* – құм, майлар мен майлы заттар сияқты ірі ластаушыларды механикалық жолмен жою.
2. *Биологиялық тазарту* – органикалық заттар мен азот және фосфор қосылыстарын жою.
3. *Қайта тазарту* – суға дезинфекция жүргізіліп, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген нормативтік көрсеткіштерге дейін жеткізіледі.
Барлық кезеңдерден өткеннен кейін, ағынды сулар қосымша өңделеді. Бұл суды өндірістік процестерде — мысалы, жабдықты салқындату мен технологиялық циклдерде — пайдалануға жарамды техникалық суға айналдыруға мүмкіндік береді.
*Нәтижелер сөйлейді*
- Жыл сайын шамамен 2 миллион м³ ағынды су тазартылады;
- Өндірілетін техникалық су көлемі жылына 1,3 миллион м³ дейін жетеді;
- Тұтынылатын судың жалпы көлемінің 48% қайта пайдаланылады;
- Сонымен қатар, ТШО аймаққа жеткізілетін магистральды су құбырынан бар болғаны шамамен 5% ғана тұтынады;
- 2000 жылдан бері ТШО табиғатты қорғау шараларына 3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салған.
*Экологиялық жауапкершілік – корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі*
ТШО үшін қоршаған ортаны қорғау – бұл жай ғана нормативтерді орындау емес, бұл саналы стратегиялық мақсат. Компания экологиялық инфрақұрылымға пайда үшін емес, өңірдегі табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында инвестиция салады. Өндірістік қуаттар мен қызметкерлер санының өсуіне қарамастан, тұщы су тұтыну ең төменгі қажетті деңгейде сақталып отыр.
Сонымен қатар, ТШО қызметкерлер мен серіктестер арасында суды үнемдеп пайдалану қағидаттарын белсенді түрде насихаттап, тұрақты су тұтыну мәдениетін қалыптастыруда. Жаһандық тұщы су тапшылығы жағдайында бұл тәсіл күн өткен сайын маңызды бола түсуде.