Теңіз кен орнынан газ қайда жеткізіледі?

ТШО – Қазақстан ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газының ең ірі жеткізушілерінің бірі. Компания ТМД елдерінің жеткізілімдерінің жалпы көлемінің шамамен 14%-ын құрайды, бұл оның ұлттық энергетикадағы жүйе құраушы рөлін айқындайды.

2025 жылдың бірінші тоқсанында «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы шамамен 1,5 миллиард текше метр құрғақ газды іске асырып, Қазақстанның энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруын жалғастыруда. Сонымен қатар, 309 мың тонна сұйылтылған мұнай газы және 547 мың тоннадан астам күкірт жеткізілді. Құрғақ газдың дерлік барлық көлемі ішкі нарыққа бағытталған, бұл ТШО-ның ел үшін сенімді жеткізуші ретіндегі стратегиялық маңыздылығын дәлелдейді.

МҰНАЙ ХИМИЯНЫ ҚОЛДАУ: КЕЛІСІМНЕН ІСКЕ АСУҒА ДЕЙІН

Мұнай-химия саласымен ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Теңіз жобасының акционерлері арасында мұнай-химия өндірістерін 2033 жылға дейін шикізатпен ұзақ мерзімді қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылуы болды.

Бұл келісімнің нақты жүзеге асуы — «Kazakhstan Petrochemical Industries» (КПИ) компаниясымен әріптестікте көрініс тапты. 2022 жылдан бастап ТШО Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауытқа жылына 550 мың тонна пропан шикізатын – 100% көлемде жеткізуде. Бұл зауыт қазірдің өзінде өнімнің сегіз түрін шығара бастады.

2022 жылы ТШО «Бутадиен» ЖШС-мен жыл сайын 380 мың тонна бутан шикізатын жеткізу жөнінде келісімшартқа отырды. Бұл шикізат өңірдегі тағы бір мұнай-химия кәсіпорнына арналған.

2025 жылғы ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компаниясы – «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында газды сатып алу-сату шартына қол қойылды. Қол қойылған құжат Қазақстанның ішкі нарығын тауарлық газбен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл келісім ТШО-ның Қазақстан Республикасына газға деген өсіп жатқан сұранысты өтеуге дайын екенін көрсетеді.

ЖАҢА КЕЗЕҢ: ІРІ ГАЗ СЕПАРАЦИЯЛЫҚ КЕШЕНІ МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ӨНДІРІСІН ҚОЛДАУ

2024 жылдың желтоқсанында ТШО мен «KMG PetroChem» ЖШС арасында келісім жасалды. Бұл келісімге сәйкес, ТШО жыл сайын жаңа газ өңдеу зауыты үшін 9 миллиард текше метрге дейін құрғақ газ жеткізетін болады. Бұл зауыт — ауқымды «Газсепарациялық кешен (ГСК)» жобасының бір бөлігі болмақ.

ГСК жобасы ел үшін стратегиялық маңызға ие. Ол құрғақ газдан 98%-ға дейін этанды бөліп алу арқылы, кейіннен оны Қарабатандағы қуаты 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіретін зауытта пайдалану көзделген. Бұл келісім ТШО-ның газды терең өңдеуге және Қазақстандағы мұнай-химия саласын дамытуға маңызды шикізат жеткізуші ретіндегі орнын нығайтады.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

Осылайша, Теңізшевройл үш маңызды жобаның қатысушысы бола отырып, пропан, бутан және құрғақ газ жеткізілімін үздіксіз қамтамасыз етуде. Бұл компанияның газ-химия секторын дамытуға жүйелі түрде қарайтынын және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік дамуына ұзақ мерзімді үлес қосуға ниетті екенін көрсетеді.

Мұнай-химия саласындағы жетекші ойыншылармен келісімдерге қол қою, жеткізілім көлемінің артуы және стратегиялық жобаларға басымдық беру ТШО-ның нарықтағы көшбасшылық позициясын және ел экономикасын жаңғырту мен әртараптандырудағы маңызды рөлін айқындайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT