Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамның гаджеттерді кеңінен пайдалануы мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осыған байланысты халықтың қоғамда жайлы өмір сүруіне қатысты барлық салалар бойынша өтініштерін қабылдайтын жаңа қызмет түрі – @TazaQazBot Telegram-чат-боты әзірленіп, былтыр 5 шілдеден бастап іске қосылды.
Процесс барынша жеңілдетілген: қолданушыға авторизациядан өту, мәселенің фотосуретін, мекенжайын көрсету және қажет болған жағдайда мәселе бойынша түсініктеме беру жеткілікті.
Барлық ақпарат өтініш түрінде жергілікті атқарушы органның операторына түседі. Оператор өтінішті жіктеп, орындаушыны анықтайды.
Өтініш санатына байланысты орындаушыға тапсырманы орындау мерзімі автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталған соң орындаушы орындалған жұмыстың фотосуретін және қажет болса, тиісті түсініктемелерді қосады.
Қолданушыларға ыңғайлы болу және жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық мәселелер 17 санатқа бөлінген, мысалы: саябақтар мен аллеяларды тазалау, жолдарды (трассаларды), аумақтарды абаттандыру, көше жарығы, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдары, кіреберістердің санитарлық жағдайы, ғимараттардың қасбеттері, ашық люктер, көгалдандыру, су қоймаларын тазалау және т.б.
Кері байланыс ретінде өтініш берушіге орындаушының тағайындалғаны және жұмыс аяқталғаны туралы хабарлама келеді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға баға беру мүмкіндігі қарастырылған.
Тұрғындар үшін арнайы іске қосылған @TazaQazBot чат-ботына халық тарапынан 15 мыңнан аса өтініш түсті. Басым бөлігі шешімін тапты. «Президент айтқандай, бұл – бір реттік акция емес, ұлттың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын тұрақты дәстүр болуы тиіс