Тазалық - баршаға ортақ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көктемнен бері іске асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы зор. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында:«Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс.

 Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» - деген болатын.

Расымен де тазалықтың қоғам үшін алар орны ерекше. Себебі, тазалық - ұлттың ұлылығын сақтап, мәдениетін қалыптастырып, әдебінің сақталуына жол ашатын негізгі фактор. Айтқандай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын уақытша науқан деп қарамай, әрі қарай жалғастыра беруіміз қажет. Қазіргі кезде игі бастама ауданымызда да кең өріс алуда.

Жалпы ұлттық акция басталғаннан бері көшелер қоқыс қалдықтарынан тазартылып, жасыл желектер отырғызылып, аудан келбеті ажарлана бастады. Экологиялық акцияға өңірімізге қарасты жергілікті мекемелердің барлығы әр апта сайын үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізіп, жеріміздің көркеюіне бір кісідей ат салысуда. Сондықтан, өңіріміздің әрбір тұрғыны қасиетті жер ананың қойнауын ластамай, тазалықтың табалдырықтан басталатындығын үнемі қаперде ұстаса нұр үстіне нұр болар еді.

Назарова Гүлбаршын,

Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT