Атырау қаласында өткен мерекелік гала-концерттен кейін ерекше бір көрініс көпшіліктің назарын аудартты. Мерекелік көңіл-күймен алаңда шашылған қоқысты ерікті түрде тазалауға жастар білек сыбана кірісіп кетті. Қолдарына қап ұстаған еріктілер концерт аяқталған бойда аумақты ретке келтіріп, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты.
«Біз бұл әрекетіміз арқылы жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы керек екенін көрсеткіміз келді. Қала – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әр адамның міндеті. Сондықтан, біз тек концертпен шектеліп қалмай, айналамызды жинастыруды жөн көрдік»,-дейді ерікті Алмат Азаматұлы.
Бұл бастама "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясын қолдау мақсатында жүзеге асты. Шара тек қоқыс жинау емес: сол қоқыстың шашылуына жол бермеу, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, әрбір азаматтың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру. Атыраулық жастар бұл ұстанымды іс жүзінде дәлелдеді!
Хұсни ХАМЗА