Таза Қазақстан - таза болашақ

Мемлекет басшысының биылғы сәуір айындағы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек.

Өйткені «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз», деген сөзінің мағынасы терең. Президенттің пікірінше, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау – әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет.
Шын¬туай¬тында, біз – тазалықты ежелден қастер тұтқан жұртпыз. Қоғамдық санада тазалық пен адалдық қатар тұратын егіз ұғым болып қалыптасқан. Маңайы көң-қоқыстан ада, іші де мұн¬таздай таза үйлердің еңбекқор иеле¬рі қашанда көпшіліктің шынайы құрметіне ие. Ал «Қолы таза азамат» деген сөз – адамның адалдығын білдіретін мінездеме.
Бүгінде «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы жалпыұлттық қозғалысқа айналып отыр. Оған бір жыл ішінде 9 млн отандасымыз атсалысқаны, оның 448 мыңы ерікті екені – соның айғағы. «Таза Қазақстан» – тазалық сенбіліктерін өткізумен шектелмейтін, ауқымы кең бағдарлама. Мәселен, «Таза өлке» апталығында елді мекендер тұрғындары, әртүрлі ұйым мен кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты.
«Киелі мекен» апталығында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары абаттандырылды. «Жасыл аймақ» апталығында көшеттер отырғызылып, ағаштар әктелді. «Өнегелі ұрпақ» апталығында жастар ардагерлердің үйлерінің аулаларын тазаласып, қарттар үйлерінің аумақтарын абаттандыруға атсалысты. «Мөлдір бұлақ» апталығында өзен-көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды.  

(Материал https://egemen.kz/ сайтынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT