Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасып жатыр. Өткен аптада «Amanat» партиясы аудандық филиалының бастамасымен аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттырып және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау көрсету мақсатында сенбілік өткізілді. Оған аудандық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері мен «Жастар рухы» белсенділері және аудан тұрғындары қатысты. Жалпыхалықтық экологиялық акция аясында орталық саябақ ішіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 50-ге жуық ерікті жұмылдырылды. Саябақтың іші тазартылып, қоқыстар шығарылды. ӨЗ ТІЛШІМІЗ
«Таза Қазақстан» акциясы аясында
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 22