Махамбет ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық шаралары ұйымдастырылды. Акцияға ауданның мемлекеттік қызметшілері, азаматтық қызметшілері және белсенді жастары қатысып, Талдыкөл, Аққайың және Бейбарыс ауылдарының маңында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстары барысында қоқыстар жиналып, ауыл айналасы абаттандырылды.
Шараға барлығы 60-қа жуық мемлекеттік және азаматтық қызметшілер атсалысты.
Мұндай экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, ауданның экологиялық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосуда.
Г.СӘДУАҚАС