«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБIЛIК ӨТКІЗІЛДІ

 Құрманғазы ауылдық округінде  «Таза Қазақстан»  акциясы аясында тұрғындарды ауыл тазалығын сақтауға тарту мақсатында кезекті сенбілік  өттi.

Сенбілікке ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлері және білім беру мен мектепке дейінгі балаларды оқыту қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдары,  ақылы қоғамдық қызметкерлер  қатысты. Әрбір ұжым өз ғимараттарының айналасындағы күл-қоқыстарды тазалады. 

Акция барысында санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде атқарылды. Сенбілікке 2 техника және 8 мекемеден  84 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде 5 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT