Табиғи байлығымызды ел игілігіне дұрыс пайдалану қажет

Мемлекет басшысының ел алдындағы Жолдауында айтылған ойлары – еліміздің болашағына деген зор қамқорлықтың айғағы. Президентіміз табиғи байлығымызды ел игілігіне дұрыс пайдалану қажеттігін атап өтті. Бұл – халқымыз үшін аса маңызды мәселе.
Қазақстанның көмір қоры мол. Ендігі жерде сол байлықты заманауи, экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, табиғатқа зиян келтірмей игеру – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Ардагерлер қауымы Мемлекет басшысының осы бастамасын толық қолдайды. Өйткені табиғатты аялау – елдің тұрақты дамуы мен халықтың аман-саулығының кепілі. Біз жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ел болашағына адал қызмет етуге әрдайым үндейміз.

Бағытжан ҚҰНАС
Индер аудандық ардагерлер алқасының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT