Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру - заман талабы

 Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз,оның ішінде Қазақстанда да,әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді,ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

          Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін,нарықтық экономиканың құрылуын,инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық  мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерән  тигізеді,елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

          Қазақстан Республикасының " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"  заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл - "жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,мемлекеттік функцияларды  орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды  орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін  жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаға мүліктік  мүліктік емес  игіліктер мен артықшылықтарды  алу немесе табу мақсатында заңсыз  пайдалануы,сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды   беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу".

          Қарапайым тілмен айтатын болсақ , сыбайлас жемқорлық -бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін  белгілердің  бірі пара алу не  беру болып табылады.

          Қазақстан-2050 стратегиясында  сыбайлас жемқорлықты  мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететін ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер ретінде атап көрсетті.

          Стратегияда көрсетілгендей ,сыбайлас жемқорлықпен күресу емес,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз,яғни мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап,олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей,жалпы сыбайлас жемқорлық себептерін анықтап, оның алдын  алуды жүзеге саыруға бетбұрыс жасады.

          Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін,мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет.

          Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен  жасайтын кез келген қарым қатысы,бір жағынан сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдауымен байланысты.

Индер ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басым бағыттарының бірі салық төлеушілерін сапалы мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету болып табылады. Кіріс есептіліктері мен декларацияларын тапсыру негізінен электронды түрде орындалуда. Салық  төлеушілерінің  100 % - ы арнайы бағдарлама арқылы  салық есептерін өз кабинетінен шықпай тапсыра алды. Бұл жүйе салық органдарындағы кездесетін заң бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу негізі. Себебі  салық  төлеушілерге  көрсететін қызметтер электронды түрде орындалып, салық төлеушілердің салық органдары  қызметкерлерімен жеке байланысы болмайды. Барлық кіріс төлеушілерге жағдай жасау мақсатымен арнайы «Терминал» бөлімдері ұйымдастырылып жұмыс жасауда.

Қоғамның салықтық сауаттылығын көтеру мақсатында кіріс басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, мерзімді баспасөз, брошюралар, буклеттер т.с.с.) арқылы салық  сұрақтарындағы өзгерістермен салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдері жайлы ақпарат жариялауда. Сондай-ақ, электронды түрде толтыру үлгісі, құжат айналымы, шешімдерді қайта қарау сияқты салықтық әкімшілендіру жұмыстары да жүргізілуде.

 

Ш.Сагингалиев

ИНДЕР ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

                                                                                                                                       басқармасының  басшысы                                               

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT