Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Асхат Жұмағалидің төрағалығымен жеке құрамның қатысуымен жедел мәжіліс өтті.
Мемлекет басшысының, оның ішінде «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» қорытынды сұхбатында қозғалған тапсырмалар мен нұсқауларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Ең алдымен, орган жұмысының негізгі векторы Президент жариялаған «Заң және тәртіп» идеологиясын кеңінен енгізуді жалғастыру болуға тиіс.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес бойынша жұмысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл бағытта Агенттіктің түрлі салалардағы жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі қызметі маңызды құрамдас болып қала береді.
Мәжілісте білім және ғылым, жол құрылысы, спорт, денсаулық сақтау салаларындағы талдау нәтижелері талқыланды.
Тиісті құрылымдық және аумақтық бөлімшелерге алдағы жылға талдау жүргізу жоспарларын қалыптастыру және оларды сапалы іске асыру туралы тапсырмалар берілді.
Мәселен, Агенттіктің алдағы жоспарларында туризм саласын талдау бар.
Заңның үстемдігін және жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету басым бағыт болып қала береді.
Сонымен қатар ел Президенті өз сұхбатында объективті шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында заңдылық пен әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Айта кету керек, өткен жылы орган қылмыстық процесс шеңберінде заңсыз ұстау, тінту, алу, іс материалдарын бұрмалау фактілеріне жол бермеді.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған активтерді қайтару және залалды өтеу маңызды бағыт болып қала береді.
2022 жылдан бастап Агенттік 1,12 трлн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті.
Агенттіктің активтерді қайтару жөніндегі жұмысы, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы жалғастырылатын болады.
Агенттік халықаралық ұйымдармен және жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 14 меморандумға қол қойды, оның 5-і өткен жылы – Әзірбайжан, Ресей, Гонконг, Иордания және Қатармен.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелерінде Қазақстан алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы енгізетін стандарттарға бағдарланады. Бұл өте жоғары жолақ», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сондықтан Агенттік отандық заңнамаға жемқорлыққа қарсы тиімді құралдарды имплементациялауды қамтитын ЭЫДҰ мен ГРЕКО ұсынымдарын сапалы іске асыруды жалғастыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің Ыстамбұл іс-қимыл жоспары шеңберінде мониторингтің 5 раундынан өтуде.
Сарапшылар Орталық Азия өңірінде жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асырудың жүйелілігі, реттілігі мен жоспарлылығы бойынша көшбасшылықты атап өтті.
«Заң және тәртіп» идеологиясын енгізу бойынша жұмыс талқылаудың жеке мәселесі болды, оның барысында Агенттік қоғамда жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен 900 мыңнан астам азаматты қамти отырып, әртүрлі форматтағы 7,5 мыңға жуық іс-шара өткізілді, «Халық заңгері» жобасы аясында 150 мың азаматқа кеңес берілді, 50 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жемқорлыққа қарсы оқытудан өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, заң үстемдігін нығайту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттік азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жемқорлықты жою жөніндегі жұмысты жалғастырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!