Су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында халық арасында ауқымды ақпараттық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүкіл ел бойынша 2 млн-ға жуық оқушыны қамтыған «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді және бұл іс-шаралар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қамти отырып, жаңа оқу жылында жалғастырылатын болады. Бұдан басқа, су ресурстарын жауапты және ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыс аясында әуежайларда, вокзалдарда, қоғамдық көліктерде және әкімшілік ғимараттарда көрнекі ақпараттық материалдар орналастырылады. @KZgovernment
Су ресурстарын қорғау – болашаққа жауапкершілік
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 24
