Спортшылар мен туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ азамат марапатталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өңірде спорт пен туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттады. Олардың арасында кәсіби спортшылар мен туризм саласында қызмет ететін мамандар бар, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, «Мүгедектер спорт клубының» параүстел теннисі бойынша жаттықтырушысы Гүлнар Иманалиева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. 12 параспортшыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың Алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар туризм мен салауатты өмір салтын насихаттап, салалардың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар және бір топ спортшы Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Алғыс хатына ие болды.

"Жыл қорытындысы аясында жеткен жетістігімізді елеп, құрмет білдіріп жатқаны үшін өз алғысымды білдіремін. Биыл біздің команда Париж паралимпидасына қатысып, үздік бестік қорытындылады. Келер жылы да үлкен жетістіктерге жетіп, өңір намысын республикалық, халықаралық жарыстарда қорғауға тырысамыз", - деді параволейболдан Атырау облысы командасының капитаны Бауыржан Сартаев.

Айта кетейік, биыл атыраулық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, 1500 медаль жеңіп алды. Паралимпиада ойындарынан - 4, Азия чемпионатынан – 24, Қазақстан чемпионатынан – 485 және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан 3 жүлдені қанжығалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT