Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қанша зейнетақы алады

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қанша зейнетақы алатынын айтты. 

- 2025 жылғы 1 мамырға екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңге, осы соғыс кезінде тыл еңбегіне араласқандар алатын төлемнің жиынтық мөлшері 179 мың теңге болды, - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол биыл жергілікті әкімдіктер екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көмек бергенін еске салды.

Олжас Анафиннің сөзінше, жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы азаматтарға да қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда:

- Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мыңнан 200 мың теңгеге дейін (64 адам):

- Бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына – 98 мыңнан 200 мың теңгеге дейін;

- Соғыста қайтыс болған мүгедектердің жұбайларына – 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін;

- Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 50 мың теңге;

- Тыл еңбеккерлеріне – 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін көмек көрсетіліп жатыр. Ресми дерек бойынша, елімізде елімізде екінші дүниежүзілік соғыстың 105 ардагері қалған.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT