Бүгін ауданда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жалпыұлттық сенбілік өтті.
Айналаны күл-қоқыстан арылтып, ауданды көркейту ісіне аудандағы бірқатар мекеме қызметкерлері, әртүрлі еңбек ұжымдары және еріктілер мен аудан тұрғындары атсалысты.
Мұндай экологиялық акция - отаншылдықтың көрінісі дейді сенбілікке қатысушы аудандық жер қатынастар бөлімінің маманы Әділет Болатов.
“Сенбілікке ұжым болып қатысып, айналаны тазалап жатырмыз. Бұл ауданның тазалығына қосқан үлесіміз деп білемін”, - деді ол.
Айта кетейік, “Тазалық Көгал” мекемесінің мәліметінше, бүгінгі сенбілікке 2 жүк көлігі мен 60 тонна қоқыс шығарылған.
Г. Жұбанышқалиева