АУДАННЫҢ КӨРКІНЕ КӨРІК ҚОСУ, ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МАҢЫЗДЫ. ОСЫ РЕТТЕ АУДАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ.
Сенбілікке 30-дан астам мекеме қызметкер қатысып, саябақ аумағын күл- қоқыстан, арам шөптерден, құрылыс материалдарының қалдықтарынан та- зарту, бордюрлерді, талдарды әктеу, қоршауларды, отырғыштарды сырлау жұмыстарын жүргізді. Аталған сенбіліктен 5 тонна қоқыс шығарылып, 1 трактор пайдаланылған. Жалпы қоғамның назарын саябақтардың, көшелердің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру әлі де қажет-ақ.
Ж.НАРИМАНОВА
Индер ауданы