Республика күніне орай Атырау қаласында тұрғындарға арналған «Жеңілдіктер түні» акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсыну.
Өтетін орны: Сарайшык коммуналдық базары, Атырау қаласы Күні: 17 қазан Уақыты: 18:00–23:00 Ұйымдастырушылар: Атырау қаласы әкімдігі және жергілікті сауда желілері