Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 14 наурызында Көкшенің төріндегі құрылтайда еліміз үшін өзекті мәселелерді көтеріп, бірқатар шешімдер қабылдады.
Президент өз сөзінде салық жүйесі – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі екендігін айтып, ел экономикасының дамуы үшін маңызды екендігін тілге тиек етті. Өйткені салық жүйесі – кез келген мемлекеттің экономикалық негіздерінің бірі болып табылады.
Ол мемлекеттік бюджетті толықтырып, инфрақұрылым жобаларын іске асыруға, әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ қоғамдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Салықтардың дұрыс басқарылуы экономикалық тұрақтылық пен өсуге ықпал етеді, ал салық жүйесіндегі реформалар мен өзгерістер экономиканың даму бағыттарын айқындай алады деп ойлаймын.
Сәбит Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы