Өткен жұмада Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми -әмбебап кітапханасында «Парасат» орденінің иегері Әбу Сәрсенбаевтың 120 жылдығына орай өткен «Әбу Сәрсенбаев – қазақ әдебиетінің Айвазовскийі» тақырыбында ғылыми-тақырыптық конференцияға әріптесіміз, «Дендер» газетінің тілшісі Жадыра Нариманқызы спикер ретінде қатысып келді.
Ол кемеліне келген майдангер ақынның соғыс тақырыбына жазған өлеңдеріне талдау жасады.
Сонымен қатар, баяндамасы «Әбу Сәрсенбаев – қазақ әдебиетінің Айвазовскийі» ғылыми-тақырыптық конференция материалдарының жинағына енгізіліп, арнайы сертификатқа ие болды.
Ендеше, еңбегің жемісті болсын әріптес демекпіз.

Өз тілшіміз

