Ресейде қосымша құн салығы өсті

Путин 2026 жылдан бастап қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру туралы заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығы 20%-дан 22%-ға дейін өседі.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарларға» — азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарларына — 10% жеңілдетілген мөлшерлеме сақталады.

Ресей Қаржы министрлігі қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысты биыл қыркүйек айында енгізген болатын. Ведомствоның түсіндіруінше, түсетін қаражат ең алдымен қорғаныс пен қауіпсіздікке бағытталады.

 Би-би-си қосымша құн салығы мөлшерлемесінің өсуі тұтынушыларға қалай әсер етуі мүмкін екені туралы жазған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT