Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы орасан зор. Өйткені елдің өркендеуі мен дамуы ең алдымен адал еңбек етіп жүрген қарапайым мамандардың қажырлы еңбегіне сүйенеді. Құрылысшы да, механизатор да, ұстаз да, дәрігер де – барлығы мемлекетіміздің берік тірегі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Жаман іс болмайды, әрбір еңбек – құрметке лайық». Бүгінгі жастарға айтар тілегім – мамандық таңдарда ең алдымен елге, қоғамға пайдасын тигізетін кәсіпті игеруге талпыну. Өйткені нағыз табыс – адал еңбекпен келген табыс. Біз, аға буын, әрқашан жастардың дұрыс жол таңдап, еңбекқор болып өсуін қалаймыз. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру – мемлекетіміздің жарқын болашағына жасалған үлкен қадам. Балғаным Хасенова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз
Әрбір еңбек – құрметке лайық
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 22
