Көптеген ел IT және жасанды интеллекттің дамуы арқылы трансформация жолынан өтуде. Біз Қазақстанның да технологиялар әлемінде лайықты орын алып отырғанына мақтанамыз. Бұл елдегі технопарктердің қызмет етуімен, жасанды интеллект саласындағы стартаптардың дамуымен расталады. Біздің университеттер Microsoft, Google және Amazon сияқты жаһандық IT-компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Университет оқытушыларының арасында Назарбаев университетінің базасында дайындықтан өтетін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің өкілдері де бар, онда технологиялар саласына қатысты жиі талқылаулар жүргізіледі. Біздің оқу орнымыз екі жылдан бері жасанды интеллект пен инновацияларды өз жұмысында белсенді қолданатын мұғалімдерді даярлап келеді. Осылайша университет бағдарламаларды жаһандық талаптарға сай бейімдеуде. Жасанды интеллектті медицинаға, ауыл шаруашылығына енгізу, халықаралық университеттермен серіктестік жобалары мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл барлық шаралар Қазақстанның жаһандық технологиялық картадағы орнын нығайтуда. Біз бұл үрдістің жалғаса беретініне үміттенеміз, өйткені ол қазіргі әлем үшін өте маңызды. Тамара ҚАРАЖІГІТОВА, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті математика кафедрасының профессоры және «Білім берудегі ЖИ» пәнінің оқытушысы