Президент бастамалары – ел болашағы үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауын зор қызығушылықпен тыңдадым. Мемлекет басшысы еліміздің болашағы үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл – Қазақстанның дамуына жол ашатын тарихи қадам.
Сонымен қатар, туризмді дамыту, тұрғын үй және су мәселесін шешу, кәсіби кадр даярлау, ауыл оқушыларына сапалы білім беру, мәдениет пен спорт саласына қолдау көрсету жөніндегі бастамалар – халқымыздың игілігі үшін жасалған шешімдер.
Ардагер ұстаз ретінде Жолдауда айтылған әділдік пен тәртіпке негізделген саясатты толық қолдаймын. Бірлік пен ынтымақ арқылы біз әділетті әрі қуатты Қазақстан құрарымызға сенемін.

Сағынтай Керешов,
ардагер ұстаз,
Құрылыс ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT