2025 жылы Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл – миллиондаған адамның өмірін өзгерткен, тарих бетін қайғымен де, ерлікпен де өрнектеген сұрапыл соғыс. Біздің аталарымыз бен апаларымыз ұрыста да, тылда да жан аямай еңбек етті. Олар – болашақ ұрпақ үшін өмірлерін құрбан еткен нағыз қаһармандар. Сол бір қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ерліктері мен төзімділіктері – бүгінгі бейбіт күннің негізі. Біз бұл күнді тек тарих үшін емес, болашақ үшін еске аламыз. Ұрпақ жадында сақталып, бейбітшіліктің қадірін ұғындыру үшін. Мәңгілік тағзым саған, Жеңіс жауынгері! Тажитова Алтын Зарубаевна — Қаражал қаласының білім бөлімінің әдіскері
ҰОС – 80 жыл: Ерлік ешқашан ұмытылмайды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 82
