Он күнде 2300-ге жуық адам жол ережесін бұзды

Облыста жүргізушілердің қысқы маусымда автокөлік дөңгелектерінің талапқа сәйкестігін тексеру және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 2-4 желтоқсан аралығында «Қауіпсіз дөңгелек» рейдтік акциясы өтті. Іс-шара нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 2279 дерегі анықталып, 69 көлік айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД ЖПБ-ның жол қауіпсіздігін қадағалауды ұйымдастыру тобының инспекторы Айбек Алимов баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция аясында жылдамдықты асырудың 1297 дерегі тіркелген, құжатсыз көлік айдағандарға қатысты 32 дерек белгілі болды. Техникалық тексеруден өтпеген және көлікте түрлі ақау болса да оны жүргізген 286 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншіге жол бермеу дерегі – 29. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған белгі жоқ жерден өткен 175 азамат жауапкершілікке тартылды.

– Қысқы кезеңде арнайы таңбалаумен белгіленген қысқы шиналармен жабдықталмаған көлікті пайдалануға тыйым салынады.Бұл үлкен қауіптің алдын алатынын ұмытпаған жөн. Осы орайда жүргізушілерге талапты қатаң сақтауды сұраймын. Егер бұл талап орындалмаса, ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — деді А.Алимов.

Айта кетейік, жыл басынан бері тас жолдардың тайғақ болуы салдарынан 5 жол көлік оқиғасы болып, 8 адам жарақат алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT