Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті болып табылады.
Бұл ретте, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен тұрақты негізде (онлайн формат және тікелей эфирді қоса алғанда) мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқытулар өткізілуде.
Осы орайда, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық оқыту өткізіліп, сәйкесінше, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне мемлекеттік лауазымына тағайындалған немесе сайланған сәттен бастап ие болады және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес, тиісті құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туындайды.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшіге өзінің лауазымдық өкiлеттiктерін орындамағаны, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтамағаны немесе өзге қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілігі айқындалған, яғни, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті өткеру барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
ҚР Заңының талаптарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Егер, мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамаған жағдайда, ол, сәйкесінше, мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылады.
Сонымен қатар, олар қызметтен тыс уақытта да қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге, сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал жасауы шарт болып табылатынын атап өткен жөн.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі